Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қырғыз студенттері 2-ші оқу семестрін Жұбанов университетінде бастады

Қырғыз студенттері 2-ші оқу семестрін Жұбанов университетінде бастады

Бүгін Қырғызстан Республикасының Ош мемлекеттік университетінің екі студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2-ші оқу семестрін Жұбанов университетінде бастады.

Оқу үздіктері – Жұмагүл Алмазбекқызы мен Таттуугул Акжолқызын кеше Ақтөбе әуежайында топ кураторы Лида Сұлтанғалиева қарсы алып, Қазақстандағы оқу процесі ерекшеліктерімен таныстырды. Болашақ математик Таттуугул мен болашақ информатик Жұмагүл алғашқы дәрістерде өздеріне жаңа достар тапты. Олар Қазақстандағы ең ірі жоғары оқу орны, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде жазғы демалысқа дейін білім алатындарына өте қуанышты. Қырғыздық студенттер физика-математика факультетінің материалдық-техникалық базасымен және Инновациялық технологиялар паркімен танысып шықты.