Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің тарихшы-ғалымдары Халықаралық конференцияда баяндама жасады

Жұбанов университетінің тарихшы-ғалымдары Халықаралық конференцияда баяндама жасады

Көршілес Ресей Федерациясының Орынбор қаласында Әбілхайыр ханның 325 жылдығына арналған «Қазақстан-Ресей достығының тарихи кезеңдерінің дамуы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның пленарлық мәжілісінде белгілі ақтөбелік тарихшылар, тарих ғылымдарының докторы, профессор Рахым Бекназаров пен тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Самат Есқалиев баяндама жасады. Р.Бекназаровтың Әбілқайырханның жерленген жерлерін зерттеу тарихында кездесетін тың деректерге құрылған және С.Есқалиевтің XX-шы ғасырдың басында өмір сүрген қазақ интеллигенциясының қалыптасуы мен саяси-қоғамдық қызметі жайлы баяндамалары ғылыми ортаның назарына ілікті. Конференцияда сондай-ақ т.ғ.д., профессор Д.А.Аманжолова (Москва), т.ғ.д., профессор Г.С.Султангалиева, т.ғ.к., профессор И.В.Ерофеева (Алматы), т.ғ.д., профессор В.В.Амелин (Оренбург), т.ғ.к., доцент А.С.Байбулсинова (Орал) мазмұнды баяндамалар жасады.

Конференцияны «Еуразия халықтарының қауымдастығы» автономиялық коммерциялық емес ұйымы, Орынбор мемлекеттік университетінің «Оңтүстік Оралдың тарихы және этнографиясы» ғылыми-зерттеу институты және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті ұйымдастырды.