Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > ҚР ВИЦЕ-ПРЕМЬЕРІНІҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

ҚР ВИЦЕ-ПРЕМЬЕРІНІҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

Бүгін Ақтөбеге жұмыс сапарымен  Үкімет басшысының орыньасары — Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев келді. Екі күндік сапары ауыл шаруашылығы саласын дамытып отырған нысандардың жұмысымен танысудан басталды. Ол Елбасы тапсырмасына сай азық-түлік белдеуін қалыптастыруға қадам басқан Ақтөбе облысының мүмкіндіктерін бағамдады.

Өмірзақ Шөкеев алдымен еліміздің батыс аймағын сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған «Айс» серіктестігінің жұмысын көрді. Серіктестік өткен жылы бірнеше жаңа жобаны іске асырды. Нәтижесінде, сапа жақсарып, өнім көлемі ұлғайды. Зауыттың іске қосылғанына 15 жылдан асты. Өткен жылы Ресей нарығына шықты.  Болашақта экспорт көлемін ұлғайту жоспары бар. Мұнда  жылына 7 млн литр сүт өңделеді.  Кәсіпорындағы барлық жұмыс Болгариядан әкелінген заманауи қондырғы арқылы бақыланады.

Ал Үкімет басшысының орынбасары барған екінші нысан — «Гринхаус Қазақстан» жылыжайы кешені. Өткен жылы іске қосылды. Жалпы аумағы 9,5 гектарды алып жатыр. Биыл тағы 20 гектарға кеңейеді. Бүгінге дейін үш мың тоннаға жуық көкөніс өндірілді. Негізі жылына 6,5 мың тонна қияр мен қызанақ алады. Өнімнің 50 пайызы Рсейге экспортталады.

Вице -премьер Елбасы тапсырмасына сай азық-түлік белдеуін қалыптастыруға қадам басқан Ақтөбе облысының мүмкіндіктерін көрді. Кездесу барысында шаруашылық құрылымдары басшылары берген ұсыныстарының тиімді тұстарын назарға алатынын жеткізді.

Райгүл Еншібай,

Миржан Аманжолов,

источник