Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде магистратура бойынша тағы да жаңадан екі мамандық ашылды

Жұбанов университетінде магистратура бойынша тағы да жаңадан екі мамандық ашылды

Олар: «6М012200 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» және «6М010800 – Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінде қазіргі таңда магистратурада 23 мамандық және докторантура бойынша 1 мамандық бар. Жыл өткен сайын магистранттар саны артуда. Бүгінгі күні 240 білім алушы білім алуда, олардың 71-і грант бойынша оқуда. Докторантурада білім алатын 5 докторанттың 1-уі мақсатты грант негізінде білім алып жатыр.

Жаңадан ашылған екі мамандық бойынша талапкерлер алдымыздағы жаңа оқу жылында қабылданатын болады.