Понедельник, Июль 22, 2024
Басты > Жаңалықтар > Пәндерді оқытудың ерекшеліктері курсы Новый орта мектебінде өтті

Пәндерді оқытудың ерекшеліктері курсы Новый орта мектебінде өтті

Университеттің Үздіксіз білім беру институтының ұйымдастыруымен Новый орта мектебінің базасында «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында жалпы білім беретін мектептерде пәндерді оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы өтті. Курсқа аталған мектептің 32 мұғалімі қатысып, тәжірибе жинақтады.

Курсты тренинг тәртібінде педагогика ғылымдарының кандидаты Зәуреш Имжарова жүргізді. Тренинг барысында объективті өзін-өзі бағалау, оқу үрдісіндегі барлық қатысушылардың бір-біріне кері байланысын қамтамасыз ету секілді өзекті педагогикалық мәселелердің шешімін табу жолдары қарастырылды.

Курстың аясында мұғалімдер орта білім беру мазмұны туралы білімдерін жетілдіріп қана қоймай, жаңа ортада өздерінің оқу үрдісін қалыптастырып, сонымен қатар жаттықтырушының басшылығымен микро-педагогикалық пәндер арқылы өздерінің пәндері бойынша білімді, дағдыларды, инновацияларды енгізу бойынша біліктілігін арттырды.

Курсты жүргізу кезінде ұжымдық бірлестікте оқыту тәжірибесінің жетістігі көрсетілді. Сонымен қатар өзекті мәселелерді алдағы уақытты да педагогикалық ұжымдық бірлестікте шешуді қамтамасыз ету қажеттілігі айтылды.

Курс соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.