Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Конфуций институтының білім алушылары жазғы тілдік лагерьде

Конфуций институтының білім алушылары жазғы тілдік лагерьде

2017 жылдың 1-14 шілдесі аралығында ҚХР-ның Конфуций институттары Бас Басқармасының қолдауымен және Қ.Жұбанов атындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Конфуций институтының ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін жазғы тілдік лагерь бағдарламасына Конфуций институтынан 20 білім алушы жолдама алды.

Қытай елінде өтетін тілдік біліктілікті көтеруге бағытталған жаздық тілдік лагерь — мәдени-танымдық шаралардың бірі. Білім алушылар екі апталық қысқа мерзімді саяхат кезінде Үрімші қаласындағы ҚХР Синьцзян қаржы-экономикалық университетінің ұстаздары студенттерді қытай мәдениетімен, көрікті жерлерімен, каллиграфиясымен, бейнелеу өнері және халық музыкасымен, ұлттық тағамдары дайындау әдістерімен таныстырады, қытай тіліндегі білімдерін жетілдіреді.

Ал, 2017 жылдың 8-13 шілде аралығында Синьцзян қаржы- экономикалық университетінің ұйымдастыруымен жазғы тілдік экскурсия  Шанхай қаласында  өткізіледі.

Соңғы төрт жылда жазғы тілдік лагерьде жүзден астам білім алушылар тілдік біліктілігін арттырып, сертификаттар табыстауда.