Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университеттегі «Абайтану» орталығына қаладағы тіл-әдебиет зерттеушілері қызығушылық таныта бастады

Университеттегі «Абайтану» орталығына қаладағы тіл-әдебиет зерттеушілері қызығушылық таныта бастады

Кеше Жұбанов университетінің филология факультетіне М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері С.Б.Қоңқай мен Б.Б.Джулаева келіп, «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының жұмысымен танысты. Орталық көрмесін тамашалады. Алдағы уақытта мектеп-интернатта Ақтөбе қаласындағы Абай мұраларына арналған бұл ең ірі ғылыми-зерттеу орталығының үлгісімен «Абайтану» кабинетін ашуды жоспарлап отырғандықтарын айтып, университет орталығымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау туралы ұсыныстарын жеткізді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында көрсетілген ұлттық ерекшелік, ұлттық код, ұлттық құндылықтарымызды сақтауда Абай мұраларын жас ұрпақтың бойына сіңіру маңызды болып табылатындығы сөзсіз.