Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетіндегі «Ақтөбе – достық мекені» әндері байқауы «Чуньцзе» мерекесіне арналды

Жұбанов университетіндегі «Ақтөбе – достық мекені» әндері байқауы «Чуньцзе» мерекесіне арналды

Бүгін Жұбанов университетінің Студенттер сарайында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қытай жаңа жылы — «Чуньцзе» мерекесіне орай «Ақтөбе – достық мекені» әндері байқауы өтті.

Аталмыш байқауды университеттің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті мен Конфуций институты ұйымдастырды.

Жұптасып ән айту формасында өткен байқаудың мақсаты – басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту.

Ән сайысында Ақтөбеге танымал өнер жұлдыздары Дулат Айтжанов, Аймұрат Мәжікбаев және Конфуций институтының Қытай тарапынан директоры Ли Цзяньхун, Конфуций институтының оқытушысы Дәулет Қантөреұлы төрелік етті.

Байқауға университеттің оқытушылары мен студенттерінен 8 жұп қатысты. Байқау 2 кезеңнен тұрды, бірінші кезең бойынша байқауға қатысушылар қазақ тілінде ән шырқаса, екінші кезеңде қытай тілінде өнер көрсетті.

Байқау соңында қазылар алқасы сөз сөйлеп, байқауға қатысушылар мен ұйымдастырушыларға көңілді кеш сыйлағандарын үшін алғыстарын жеткізді.

Байқау қорытындысы бойынша 5 қатысушыға көрермен көзайымы номинациясы табысталды. Сондай-ақ, ІІІ-ші орынды техникалық факультетінің оқытушысы Нұрлан Қаңтарбаев мен студент Елена Крятова, ІІ-ші орынды кәсіби-шығармашылық факультетінің оқытушысы Арайлым Әлиева мен студент Қасымбек Қадіров, ал бас жүлдені шетел тілдері факультетінің оқытушысы Гүлмира Төлегенова мен Назым Қамар жеңіп алды.