Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Хромтау қаласында «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының көшпелі көрмесі өтті

Хромтау қаласында «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының көшпелі көрмесі өтті

Жұбанов университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасының №6 Хромтау гимназиясындағы филиалында «Сапалы білімнің негізгі факторы — білім берудегі жаңартудың тұрақтылығын қолдау» тақырыбында аудандық семинар-практикумы жұмысында «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының көшпелі көрмесінің таныстырылымы өткізілді.

Семинардың негізгі мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұнына көшу кезеңіндегі бағдарламада, әдістемеде, бағалаудағы өзгерістерді жүзеге асыру барысындағы теориялық тұрғыдағы әдістемелік нұсқауларды жүзеге асыру барысында практикалық жұмыстарды орындау арқылы ЖОО әдіскер оқытушыларымен және аудан мектептерінің әдіскер мұғалімдерімен тәжірибе алмасу.

Семинарға Хромтау қаласы мен ауылдарының 25 мектебінен барлығы 87 мұғалім қатысты. «Қазақ әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Г.С.Обаева №6 Хромтау гимназияның «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі А.С.Спановамен бірге «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін 5-7 сыныптарда оқыту үдерісінде оқушылардың мәтінмен жұмыс дағдыларын жүзеге асыру жолдары» тақырыбында коучинг өткізді, бұл шараға 23 мұғалім қатысып, тәжірибе алмасты.

Сондай-ақ, «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының көшпелі көрмесінің таныстырылымы өткізілді. «Қазақ әдебиеті» кафедрасының аға оқытушылары, магистрлер Б.Б.Әлиев пен Г.С.Обаева семинарға қатысушыларға ғылыми-зерттеу орталықтағы экспонаттармен, кітаптармен таныстыра отырып, «Абайтану ілімі және рухани жаңғыру бағдары» тақырыбында мағлұмат берді. Көрме жұмысы қатысушылардың қызығушылығын тудырып, ғылыми-зерттеу орталығы жұмысына деген ықыласын арттырды.

Осындай шаралар кәсіптік бағдар беру жұмысына да өз үлесін қосары сөзсіз.