Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Абай ілімі және рухани жаңғыру

Абай ілімі және рухани жаңғыру

Жақында М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында гуманитарлық пәндер апталығы өтті. Шара  аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі Күнсұлу Шүкірованың ұйымдастыруымен «Абайтану» курсы негізінде «Абай ілімі және рухани жаңғыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға ата-аналар, мұғалімдер және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Гүлнар Обаева қатысты.

Абай ілімі мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының үндестігін зерделеу арқылы жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу мақсатында өткізілген шарада 10-сынып оқушылары «Абайтану» курсынан алған білімдерін ортаға салды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының жас ұрпақ үшін аса маңызды мақаласы туралы мазмұнды әңгімеге қанықты. Дөңгелек үстелде оқушылар сыни тұрғыда өз ойларын айта отырып, өз ізденістері мен шығармашылықтарын танытты. Сонымен қатар балалардың Елбасы мақаласын Абайдың қарасөздерімен ұштастыруы өте ұтымды тәсіл болды.
Басқосуға жиналған жұртшылық Абай мұралары мен Елбасыға арналған көрмені тамашалады.

Жиын соңында мұғалімдер оқушыларға Абай ілімі мен рухни жаңғыру туралы ізденуден жалықпау қажеттігін баса айтып, қосымша оқу үшін әдебиеттер ұсынды.

Жұлдыз ОТАРБАЙ,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік

мемлекеттік университеті,

филология факультетінің 4-курс студенті

источник