Среда, Апрель 17, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде тәжірибелі ғалым Марс Габбассов студенттерге дәріс жүргізуде

Жұбанов университетінде тәжірибелі ғалым Марс Габбассов студенттерге дәріс жүргізуде

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында физика-математика факультеті «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасында ақпан айының 12-сі мен 23-і аралығында «Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясы» ЖШС директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Марс Габбассов студенттерге дәріс жүргізуде. Ол дәріс барысында «Ақпараттық жүйелер», «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандықтарының студенттерін компьютерлік модельдеу және бағдарламалық қамтамасыз етудің заманауи жетістіктерімен таныстырады.

«Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясы» ЖШС IТ индустрияның сұранысқа ие технологияларын меңгерген бағдарламалық қамтамасыз етумен айналысатын танымал компания. Компанияның мақсаты — мемлекеттiк басқару мен бизнес субъектiлерiнің басқарушылық шешiмдерiн зияткерлік қолдау.

Ғалым ғылыми-зерттеу жұмыстармен және бағдарламалық қамтамасыз етудi даярлаумен белсене айналасады. Ғылыми-зерттеу бағыты — физикалық және экономикалық процестерді математикалық модельдеу, ақпараттық технологиялар, ақпараттық жүйелерді даярлау. Алдыңғы қатардағы басылымдарда 100-ден астам ғылыми мақалалары жарияланды. Ол IТ технологиялар саласындағы кәсiби стандарттарды әзiрлеу бойынша жұмысшы тобының мүшесi, Қазақстандық IТ-компаниялар қауымдастығы кеңесінің мүшесi.