Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің шаңғышылары топ жарды

Жұбанов университетінің шаңғышылары топ жарды

Олар кеше Ақтөбе қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында Шаңғы тебуден жекелей және командалық есепте өткен қала чемпионатында ойын көрсеткен болатын. Аталған чемпионатта жалпы командалық есепте Жұбанов шаңғышылары І орынды жеңіп алды.

Университеттің ер балалардан құралған командасында кәсіби-шығармашылық факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері Асет Нығыметов, Сұлтан Алдабергенов, Манас Садвакасов, Амандос Кенжебаев және техникалық факультетінің студенті Олег Лата шеберлік паш етсе, ал қыз балалар командасын кәсіби-шығармашылық факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті Нұржауған Сәттіғалиева мен физика-математика факультетінің студенті Аяжан Құттыбаева құрады.

Жекелей есепте де Жұбанов университетінің шаңғышы студенттері жүлделі орындарды иеленді. Атап айтар болсақ, Асет Нығыметов І орын, Нұржауған Сәттіғалиева ІІ орын, Олег Лата ІІІ орынды жеңіп алды.