Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. 1992 жылы 13 шілде күні ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті – ҚР-ның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, тұлға мен қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысын, мемлекет егемендігін, аумақтық тұтастықты, экономикалық, ғылыми-техникалық әлеуетін қамтамасыз етуге арналған арнайы мемлекеттік орган.
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылған 25 жылда – даму мен қалыптасудың, тұрақты жетілудің жылдарына айналды.
Тәуелсіз еліміздің мемлекеттілігін, көпұлтты Қазақстан азаматтарының сенімді қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ҰҚК қызметінің орны ерекше.
Құрметті ел тыныштығының сақшылары!
Мемлекеттік бейбітшілік пен татулықты, ұлттық қауіпсіздікті бекемдеуде, әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігін сақтап, бәрінің заң алдында теңдігін қалыптастыруда Сіздерге артылар жүк ауыр.
Сіздер заң мен құқықтық тәртіптің сенімді қорғаушылары, азаматтардың бостандығы мен Конституциялық құқығын қорғау, қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресте заңдылықтың сақталуына, жалпымемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша міндеттеріңізді ойдағыдай атқара отырып, қоғамдық тәртіппен заңдылықтың кепілі болып табыласыздар.
Осындай маңызды мәселелерді шешу қызметкерлерден жоғары кәсіби біліктілікті, адалдық және жауаптылықты талап ететіні анық. Батырлық, батылдық, тапқырлық пен табандылықты бір арнаға тоғыстырып Егемендік пен Елдікті сақтап, айбынын асыруда бастарыңызды бәйгеге тігіп атқарған адал қызметтеріңіз баршаға аян, ұрпаққа үлгі.
Алдағы уақытта Отанымыздың қауіпсіздік стратегиясын іске асыру жолындағы жанқиярлық еңбектеріңіз табысты, азаматтық айбындарыңыз асқақ бола берсін!
Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Егеменді еліміздің биік мұраттарын іске асырудағы қызметтеріңізге зор табыс тілейміз!
Құрметпен,
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ректоры,
профессор Б.А.Ердембеков
және университет ұжымы