Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Филологтар Масленица мейрамын атап өтті

Филологтар Масленица мейрамын атап өтті

Жұбанов университеті «Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының оқытушылары орыс тілі сабақтарының аясында барлық факультеттерде орыс ұлтының ежелгі мерекесі Масленицаны атап өтуге бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Масленица – қаһарлы қыспен қоштасып, көктемді көңілді қарсы алу нышанын білдіретін ежелгі славян мейрамы.

Халықта Масленица ең көңілді мереке болып саналады. Филология факультетінде «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттері және топ кураторы  Т.А.Садретдинованың ұйымдастыруымен бұл мейрам ерекше көңілді  атап өтілді. Кеш қонақтары Масленица мейрамының тереңде жатқан тарихынан хабардар болып, түрлі сайыстарға қатысты. Кеш соңында барлық қонақтар тосап, уылдырық, қаймақ қосылған құймақтартан дәм татты.

Кафедра оқытушысы И.И.Спивак-Лаврова «Орыс халық ауыз шығармашылығы» пәні аясында 1-курс студенттерімен «Ауқымды Масленица» шарасын ұйымдастырды. Студенттер «Масленица» сөзінің туындауына негіз болған орыс ұлтының  құймақ пісіру дәстүрі туралы айтты. Бұл дәстүр бойынша күнді құймақпен елітіп, жердің бетін мұз құрсаудан тезірек ерітуін сұрау керек. Өйткені орыс мифологиясында дөңгелек құймақ ежелгі құдайларға арналған сый болып табылады. Бағзы заманнан бері Масленица аптасы мол әрі тойымды дастарханмен ерекшеленеді. Мерекенің басты тағамы құймақ Масленица кезінде ерекше дәмді болады-мыс.

Экономика және құқық факультеті «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығының 1-курс студенттері кафедра оқытушылары Н.У. Абдуллина мен  Ю.В.Хвостованың бастамасымен мейрам туралы қызықты баяндама әзірлеп, көрініс қойды, орыс ұлттық әндерін шырқап, мерекелік дастархан жайды.