Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > «СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» АҚ бас директоры Жұбанов университетінде өткізілген Қытайдың жаңа жыл мерекесіне келді

«СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» АҚ бас директоры Жұбанов университетінде өткізілген Қытайдың жаңа жыл мерекесіне келді

Жұбанов университетінде Қытай жаңа жылы «Чуньцзе» —  көктем мерекесіне арналған шара өтті.

Аталмыш мерекелік шараға арнайы «СНПС-АКТОБЕМҰНАЙГАЗ» АҚ бас директоры Ван Цзюньжэнь мырза жиналған көпшілікті Қытай халқының жаңа жылымен құттықтап, университет жанындағы Конфуций институтына жоғары деңгейлі ұйымдастырушылықтары үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ, ол:  «Көптеген жылдар бойына Қазақстан мен Қытай әртүрлі салаларда ынтымақтастық қарым-қатынастар, екі ел көшбасшылары Қазақстан мен Қытайдың дамуына өзара қолдау көрсетіп келе жатыр. Өткен жылы ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев ҚХР-да өткізілген «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумына қатысты, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин «Астана-EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу салтанатына келді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, екі мемлекетке ортақ өркендеу мен гүлдену тілеймін. «СНПС-Актобемунайгаз» АҚ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетімен білім, ғылым және өндіріс саласындағы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Серіктестігіміз әрі қарай жемісті дамиды деген сенімдеміз және де осы университет түлектерін кәсіпорын қызметкерлері қатарынан көруге әррқашан да қуаныштымыз,  — деді,  Ван Цзюньжэнь.

Сөз соңында Ван Цзюньжэнь мырза тағы да мерекемен құттықтап, зор денсаулық пен  барлық бастамаларға табыстар тіледі.