Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Екі университет арасындағы ынтымақтастық нығаяды

Екі университет арасындағы ынтымақтастық нығаяды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Конфуций институтының қызметкерлері Қытайдың Синьцзян қаржы-экономикалық университетінің өкілдерімен кездесті.

Университетке Синьцзян қаржы-экономикалық университетінің проректоры, профессор Сунь Гохуй, Синьцзян қаржы-экономикалық университеті жоспарлау және даму басқармасы бөлімінің басшысы, профессор Лю Вэньцуй, Синьцзян қаржы-экономикалық университеті редакция бөлімінің басшысы, профессор Лу Айчжэнь, Синьцзян қаржы-экономикалық университеті Орталық Азия институтының деканы, профессор Цзя Янань, Синьцзян қаржы-экономикалық университеті халықаралық байланыстар бөлімі басшысының орынбасары Аинуэр Абулицзы келді. Шетелдік меймандар Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Бауыржан Ердембековтің қабылдауында болып, екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында пікірлесті.

-«Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттермен алмасу, профессор-оқытушылармен тәжірибе алмасу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, екіжақты жобаларды талқылау мақсатында халықаралық семинарлар мен конференциялар өткізу — екі тарап үшін де тиімді болатынына сенімдімін», — деді ректор Бауыржан Ердембеков.

Өз сөзінде Синьцзян қаржы-экономикалық университетінің проректоры Сунь Гохуй университет ректорына кездесуді ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді.

-Мұндай кездесулер жиі бола бермейді. Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Бірлескен жобаларымыздың сәтті жүзеге асуына тілектеспін, — деді Сунь Гохуй.

Жиын барысында Синьцзян қаржы-экономикалық университетінің өкілдері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетімен тығыз қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екендігін білдірді.

Сандуғаш ДҮЙСЕНБАЕВА
Ақтөбе газеті