Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Құттықтаулар > Металлургтер күнімен құттықтаймыз!

Металлургтер күнімен құттықтаймыз!

Металлург — ғасырлар бойы келе жатқан мамандық. Археологиялық қазбалар кезінде табылған заттар біздің заманға дейінгі бесінші – алтыншы мыңжылдықта адамзаттың металды өңдеуді үйренгеніне куә. Көне заманда адамзаттың үш ғасыры туралы түсінік пайда болған, олар: тас, қола және темір дәуірлері – бұл металдардың қоғамның дамуына қаншалықты маңызды екенін және металлургиялық өнердің қаншалықты көне екенін білдіреді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының өкімімен 1957 жылдың 28 қыркүйек айында Металлургтер күні бекітілген. Ол күн күнтізбеде КСРО ыдырағаннан кейін де қалған.

Қазақстанда, Президент Н. Назарбаевтың өкіміне сәйкес металлургтер күні 2003 жылы 15 қарашада бекітіліп, шілденің үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Қай кезеңде болмасын металлургия саласы мемлекеттің қуатын арттыруда маңызды орын алып келген болса, бүгінде де еліміздің индустрия саласында қозғаушы күш болып табылады.

Бұл сала қызметі ауыр әрі құрметті, ал осы маман иелері батылдық және жоғары кәсіби біліктілікті меңгерген қасиет иесі ретінде бейнеленеді. Соның жарқын бір дәлелі мартен пешінің қызуынан өмірлік бастауын алған Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бірегей тұлғасы болып табылады.

Біздің өңірдегі металлургия кешенінің кәсіпорындарында жаңа технология мен техникалық қайта жарақтандыруды белсенді енгізіп, өндірістің көлемін ұлғайтуға қабілетті жоғары кәсіби мамандар еңбек етеді. Металлургия кәсіпорындарының тиімді жұмысының нәтижесі Ақтөбе облысының экономикалық дамуына, жерлестеріміздің өмір сүру деңгейін арттыруға үлкен үлесін қосады. Сондықтан өңірдегі металлургиялық кәсіпорындарында еңбек етіп жүрген барша кеншілерге және университет түлектеріне зор алғысымызды білдіреміз. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз қандай құрметке де лайық. Өңіріміздің қара және түсті металлургия саласын дамытуға қосқан үлкен үлестеріңіз үшін де алғысымыз шексіз.

Қымбатты металлургтер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт, еңбекте жаңа табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз!
Бәріміздің Отанымыз — Қазақстанның кемел келешегі үшін еңбекте жаңа табыстар мен жеңістерге жете беріңіздер!

Құрметпен,
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ректоры,
профессор Б.А.Ердембеков
және университет ұжымы