Четверг, Апрель 25, 2024

Анаға хат

Анаға хат. Көктем мерекесі қарсаңында Жұбанов университеті ерекше акция ұйымдастырды. Студенттер ауылдарында баласының тілеуін тілеп отырған аналарына хат жазды. Бұл ақпанның 23-і күні өтетін Алғыс айту күніне орайластырылған шара болды.

Түн ұйқысын төрт бөлген, жан жылуын арнаған аналарына әрбір студент сағыныш сезімін, ыстық лебізін бейнеқұттықтау арқылы жолдай алды. Сегізінші наурыз мерекесіне дейін бұл құттықтаулар университет сайтында тұрады. Аналарына алғыстарын жеткізген студенттер ерекше толқыды.

Мұндағы студенттердің 80 пайызға жуығы ауыл-аймақтан, көрші облыстардан келіп оқып жүр. Олардың аналарына алыста балаларының амандығын тілеп отыр. Оқытушылар жатақханада барлық жағдай жасалған деп аналарға уаымдамауға кеңес берді.

Университет қабырғасында да, жатақханада да студенттер үшін интернет қолжетімді. Сондықтан, ата-аналары телефон шалып қана қоймай, бейнебайланыс арқылы да хабарласады.

источник