Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > ІТ саласында оқып жатқан студенттердің білім деңгейіне серіктес компания жоғары баға берді

ІТ саласында оқып жатқан студенттердің білім деңгейіне серіктес компания жоғары баға берді

Бұл жөнінде «Фактор» жүйелік зерттеу компаниясымен іскерлік «Университет пен компанияның жаңа экономикалық шарттардағы өзара қатынасы: талаптар мен шешімдер» атты дөңгелек үстел кезінде мәлімдеді. Дөңгелек үстелге осы компанияның бас директоры Марс Габбасов, «Портмастер-Плюс» ЖШС директоры Азамат Бикулов, «Jupiter Soft» ЖШС директоры Ахат Куанғалиев, программист Айнур Куанғалиева қатысты. Шараны «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы ұйымдастырды.

Марс Габбасов Еуразия ұлттық университеті мен  «Фактор» жүйелік зерттеу компаниясы» ЖШС арасындағы өзара қарым-қатынасы туралы тәжірибесімен бөлісті. ІТ-мамандарды дайындауда тек қана теориялық оқытудың нәтижесі тәжірибелік оқытудың, өндірісте білімдерін қолданудың нәтижесіне қарағанда әлдеқайда төмен болатынын атап көрсетті. Сондықтан, ІТ-мамандарды дайындау кезінде студенттердің өндіріс орындарына барып көріп, қызметкерлерден практикалық тәжірибе алуы, өз білімдерін көрсете алуы өте маңызды деп қорытындылады.

Азамат Бикулов мекемеде өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан студенттердің теориялық дайындығы жақсы екендігіне тоқталды. Сондай-ақ, өндірістік тәжірибе 2-курстан бастап жыл сайын өткізілсе деген ұсынысын жеткізді.

Дөңгелек үстелде алдағы уақытта да кафедрамен байланысты нығайтып, біріккен жобалар жасауға ұсыныс жасалды. Сонымен қатар студенттерді компания ұйымдастыруымен өткізілетін 1С:Бухгалтерия, web-программалау саласындағы олимпиадаға шақырды.