Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тарихшылар параолимпиадалық ойындардың қатысушысы Шахан Жолдасбаевпен кездесті

Тарихшылар параолимпиадалық ойындардың қатысушысы Шахан Жолдасбаевпен кездесті

«География және туризм» кафедрасының оқытушысы Еркегул Семинардың ұйымдастыруымен тарих факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері параолимпиадалық ойындардың қатысушы, кәсіпкер, ісін «Пандус-Окей» стартаптан бастаған, Қазақстанның 100 жаңа есімі қатарына енген, Германияда суда жүзуден ашық чемпионатта қола жүлдегер атанған Шахан Жолдасбаевпен кездесті. Ақтөбелік Шахан Жолдасбаев жеткен жетіктіктеріне маңдай тер, адал еңбегімен қол жеткізген жан. Оның қоржынында 12 жүлдесі бар. Өмір жолында кездескен қиындықтарға қарамастан мойымай, алға ұмтылуы, мақсат қоя білуі кім-кімге де үлгі.

Кездесу барысында Шахан Жолдасбаев студенттермен өз тәжірибесімен бөлісті, оларды ынталандырып, қоғамдық өмірге белсене араласуға талпыныс жасауға шақырды. Студенттер қойған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Кездесу соңында студенттер кездесу қонағымен естелік суретке түсті.