Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Хабарландырулар > «Филология», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Тарих» мамандығының студенттері назарына!

«Филология», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Тарих» мамандығының студенттері назарына!

Хожа Ахмет Яссауи университеті Түркістан қаласында төртінші түркі әлемі университет жастарының жазғы лагерін ұйымдастыруда.

Жазғы лагерь уақыты: 2018 жылдың 18 маусымы мен 15 шілдесі аралығында  Яссауи университетінің Түркістан кампусында өткізіледі. Лагерьде Түркия Республикасынан шақырылған профессор-оқытушылар түркология, түрік тілі мен әдебиеті, тарихы, мәдениет бойынша семинарлар жүргізеді.

Жазғы лагерьге GPI көрсеткіші 2.70 жоғары, «Филология», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Тарих» мамандығының 1-3 курс студенттері қатыса алады. Дәрістер мен экскурсиялар, жатын орын, тәуліктік шығындарды Яссауи университеті тарапынан қамтамасыз етіледі. Студент жол шығынын өзі қамтамасыз етеді.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1. өтініш
  2. транскрипт
  3. факультет деканының қызметтік хаты
  4. қосымшадағы таблица бойынша мәліметтері

 

Конкурсқа қатысушы үміткерлер құжаттары 2018 жылдың 

15 наурызынан кешіктірілмей тапсырылуы тиіс.

 

Барлық қажетті сұрақтар бойынша халықаралық бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады. Тел.: 8 (7132) 24-91-95