Четверг, Апрель 25, 2024

Анаға хат

Ақтөбелік студенттер бүгін ерекше акция өткізді. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 100-ге жуық студенті жиналып, алыстағы аналарына хат жазып, бейнесәлемдемелерін жолдады. «Анашым! Басыңыздағы ақ шаш пен мені уайымдап өткізген ұйқысыз түндеріңіз үшін кешіріңіз!» Студенттердің аналарына жазған хаттары осылай басталады. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде оқып жатқан студенттердің жартысынан көбі ақтөбелік емес. Аудандар мен еліміздің түкпір-түкпірінен келіп білім алып жатқандары жеткілікті. «Анаға хат» акциясы оқу орнында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Студенттердің аналарына сәлемдемесі бейнетаспаға түсірілді. Кейін университеттің сайтына жүктелмек. Акцияның мақсаты жастардың басын қосып, қоғамдағы аналардың орнына көңіл аудару. Студенттер бүгін аналарына ең ізгі тілектерін жолдады. Абзал жандарға арнап өлең шумақтарын шығарғандары да бар. «Анаға хат» акциясы алдағы уақытта дәстүрлі шараға айналмақ.

источник