Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Халықаралық байланыс > Шетелде оқып келген Жұбанов университеті студенттері ондағы білім алу ерекшеліктерін әңгімеледі

Шетелде оқып келген Жұбанов университеті студенттері ондағы білім алу ерекшеліктерін әңгімеледі

Шараны жаратылыстану факультетінің «Биология» кафедрасының аға оқытушысы А.Ж.Жұмабаева ұйымдастырды.

Шараға академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелде және ҚР жетекші жоғары оқу орындарында оқып келген студенттер қатысып, олар қатарластарына өзге елде білім алудың ерекшеліктерін, артықшылығы мен кемшілік тұстарын, алған әсерлерін айтып берді.

Сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқып келген  «Экология» мамандығының 3-курс студенті Лаула Калмагамбетова, «Химия» мамандығының 3-курс студенті Жанкелді Досжанов, «Биология» мамандығының 2-курс студенті Ғалым Болат, «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 3-курс  студенті Айгерим Кенжетаева, «Экология» мамандығының 3-курс студенттері Құндыз Жумабаева, Лунара Исмагуловалар білім алған елдерінің мәдениеті туралы баяндамалар жасады.

Кездесу барысында Литва Республикасында білім алып келген студенттерге «Биология» кафедрасының оқытушысы Р.Н.Кузембаев және шараға қатысушы студенттер шетелдегі кәсіби ағылшын тілін меңгерулері, сабақ өткізу тәсілдері жайында ағылшын тілінде  сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.

Қытайдан білім алып келген студенттерге Конфуций  институты қытай тілінің оқытушысы А.Алитурлиев қытай тілінде сұрақтар қойып, тіл игеру деңгейлеріне баға берді.

Шараның қорытындысында факультет деканы М.Ж.Махамбетов сөз сөйлеп,  студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламасының беріп отырған мүмкіндіктерін толыққанды пайдалануды ұсынды.