Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті студенттері жатақханамен жүз пайыз қамтылды

Жұбанов университеті студенттері жатақханамен жүз пайыз қамтылды

Бұл жөнінде Жұбанов университетінің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Жайнагүл Қартбаева мәлімдеді. Оның айтуынша, 2017-2018 жаңа оқу жылында жатақханаға сұраныс жасаған университет студенттері жатақханамен толық 100 пайыз қамтылған.

«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде қазіргі таңда 3 жатақхана бар. №1 жатақхана 580 орынға, №2 жатақхана 630 орынға, смартхоум типіндегі «Жастар үйі» 500 орынға есептелген. Қазіргі уақытта Гришина көшесінде орналасқан №4 жатақханаға өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл сайын университетте білім алушылар саны артып келеді. Сондықтан оларға әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау міндетін басты назарда ұстаймыз», — деді департамент басшысы.

Жатақханалар студенттердің өмір сүруі, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне сай жабдықталған. Сонымен қатар жатақханаларда wi-fi желісімен қамтылған компьтерлік залы, кітапхана, демалыс бөлмелері бар.