Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > AQTÓBE арнасында жаңа маусым: Амангелді Айталы рухани бағдарламаны жүргізетін болады

AQTÓBE арнасында жаңа маусым: Амангелді Айталы рухани бағдарламаны жүргізетін болады

Ақтөбе облыстық телеарнасының басшылығы бірқатар хабарларға өз саласының мамандарын жұмылдыруды жалғастырып жатыр. Бұл туралы «Тілшіге» арна директоры Ернұр Бурахан хабарлады.

Оның айтуынша, бүгінде жаңа рухани хабар әзірленіп жатыр. Оны қоғам қайраткері Амангелді Айталы мырза жүргізеді.

«Түсірілім жұмыстары болып жатыр. Монтаждап, эфирге дайындаймыз. Сәуір айында Амангелді ағамыздың жаңа хабары қалың көпшілікке жол тартады», — дейді арна директоры.

Ернұр Бураханның айтуынша, арнада «Біздің тарих» хабарын тарихшы Рахым Бекназаров мырза жүргізіп келеді.

«Сонымен бірге, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының жетекшісі Жандәулет Сүлейменовке «Иман нұры» хабарын жүргізіп берсең деп өтініш білдірдік. Екеуі де біраз уақыттан бері өз салалары бойынша жақсы хабарлар жүргізіп келеді. Меніңше, маман өз саласын тереңірек қозғай алады», — дейді Ернұр Бурахан.

Арна басшысының пайымынша, батыс елдерінің телевидениелерінде мұндай тәжірибе бұрыннан бар.

источник