Суббота, Май 21, 2022
Басты > Халықаралық байланыс > Жұбанов университетінің ректоры Б.А.Ердембеков Белоруссиядан келген ғалымдармен кездесті

Жұбанов университетінің ректоры Б.А.Ердембеков Белоруссиядан келген ғалымдармен кездесті

Бүгін Жұбанов университеті ректоры Б.А.Ердембеков Белоруссиядан келген ғалымдар, Янки Купалы атындағы Гроднен мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің деканы, физика-математика ғылымдарының кандидаты А.Е.Герман, электрхимиялық өлшемдер зертхана меңгерушісі А.Ю.Лицкевичпен кездесті. Кездесуге сондай-ақ, университеттің бірінші проректоры К.Ш.Шүңкеев, физика-математика факультетінің деканы Л.Н.Мясникова және «Нанотехнология» зертханасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент А.З.Бекешев қатысты.

Кездесу барысында ғылыми-техникалық өнімдерді тасымалдау үшін келісімге келу, Янки Купалы атындағы Гроднен мемлекеттік университеті базасында магистранттардың тағылымдамадан өтуі, студенттердің әлеуметтік-тұлғалық қалыптасулары үшін тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Кездесу соңында университет ректоры қонақтарға естелікке сыйлықтар табыс етті.

Кездесуден соң шетел ғалымдарының, физика-математика факультеті профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, магистранттардың қатысуымен ынтымақтастықтың болашақ мүмкіндіктері жайында семинар өтті.