Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Туған өлкем» тақырыбындағы дөңгелек үстелге мектеп оқушылары қатысты

«Туған өлкем» тақырыбындағы дөңгелек үстелге мектеп оқушылары қатысты

Тарих факультеті «География және туризм» кафедрасының ұйымдастыруымен «Туған өлкем» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.   Шараға университет студенттері мен №51, №23 орта мектептерінің 10,11 класс оқушылары қатысты. «География және туризм» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Г.Ж.Сулейменова қатысушыларға ұлттық патриотизмді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы шараның маңыздылығы жайлы айтып өтті.

Кафедра меңгерушісі Г.Т.Кубесова туристік өлкетанудың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы рөлі мен мағынасына назар аударды. Шара кезінде «Туризм», «География», «География-история» мамандықтар бойынша мектеп оқушыларына мәліметтер берілді.

Студенттер Ақтөбе облысының табиғаты, топонимикасы және туристік мүмкіндіктері туралы баяндамалар жасады.

Шара соңында оқу корпусында оқушыларға арналған экскурсия жүргізіліп, аймақтың географиясын, тарихын, туризмнің білу маңыздылығы түсіндірілді.