Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Белгілі спортшы Зейнулла Тулеутаев студенттермен кездесті

Белгілі спортшы Зейнулла Тулеутаев студенттермен кездесті

Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері белгілі спортшы, Батыс өңіріндегі бірінші КСРО спорт шебері Зейнулла Тулеутаевпен кездесті.

«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі педагогика ғылымдарының докторы Төлеген Ботағариев кездесу қонағын таныстырып өтіп, Зейнулла Тулеутаевтың жеткен жетістіктері жайында баяндап өтті.

Зейнулла Тулеутаев грек-рим күресінен көптеген аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанған. Батыс өңірінде бірінші КСРО спорт шеберлігін қорғаған. Грек-рим күресімен қатар дзюдо, самбо, қазақша күрестермен айналысқан. Ұлттық спорт түрлерінен ҚазСРО спорт шебері атағының иегері.

Кездесу барысында спортшы студенттердің сұрақтарына жауап беріп, спорт жолындағы қызықты сәттері жайында әңгімеледі. Кездесуден соң Зейнулла Тулеутаев студенттермен бірге Спорт кешеніне барып, күрестің бірнеше тәсілдерін көрсетті. Студенттер ардагер спортшымен естелік суретке түсті.