Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбеде қазақтың қос батырына арналған кабинет ашылды

Ақтөбеде қазақтың қос батырына арналған кабинет ашылды

Халқымыздың ежелгі елдік пен ерлік дәстүрлеріне үңілсек, небір таңғажайып мысалдар мен тағылымғы толы деректерге тап боламыз. Жеріміз ұлан-байтақ. Кеңдігі соншалық Атырау мен Алтайдың арасы өткен ғасырлардың өлшемімен алғанда айшылық уақытты құраған сол кезде ел қорғаны біле берген батырлар жеріміздің шетіне жау тисе бес қаруын асынып атқа қонған.

Бұл ретте қазақ даласының батыс өңірін мекендеген Тілеу Батырдың Оңтүстік өңірдегі Сайрам қаласының түбінде жоңғар-қалмақ шапқыншыларымен болған шайқасқа ойланып жатпастан аттануы – қазақ жерінің тұтастығын көксеуден туған мәрт қадам еді.

Ол жалғыз емес еді. Артында он бес мыңнан асып түсетін қалың қолы мен сарбаздары, баласы мен бауыры бар екенін тарихи деректер айғақтайды. Олар Сайрам түбінде жоңғар шапқынщыларына тұңғыш рет күйрете соққы беріп, жеңіске жетеді. Әйтсе де есіл ер осы сұрапыл шайқаста мерт болады. Айтайын дегеніміз Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Тілеу Айтұлы мен оның туған бауыры Қабақ Айтұлына арнайы кабинеттер ашылғаны.

Мұнда қос тарихи тұлғаның өмірі мен өрлігі, ерлігі мен кеңігі жөнінде мол мағлұматтар жтнақталған. Ата-бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен ұстап қалған қазақ жерінің әр сүйем сынығы бәрімізге қымбат. Елдің батысы мен шығысы, оңтүстігі мен солтүстгі демей, қазақ жерінің тұтастығын көксеп, қанды шайқаста мерт болған Тілеу мен Қабақ секілді тарихи тұлғалардың емес бүігінгі ұрпақты ел мен жерді шексіз сүйе білуге, оны қорғауға қашан да әзір болуға үндей аларын анық. Олардың рухына арналған қос кабинетті ашудағы басты мақсат та осындай өміршең ойдан бастау алады. Кабинеттердің ашылу рәсімі кезінде Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ерденбеков ой орамын осы арнадан тарқатты.

Туған жерді сүйе білу әрі аялау мен құрметтеу, оған деген перзенттік сезім мен махабатты тұтастай туған елге деген сүйіспеншілікке ұштастыра білу Мемлекет басшысы белгілеп берген рухани бағдарламаның басты арқауы.Осы тұрғыда өңірдегі жоғары оқу орнында тарихи тұлғаларға арналып ашылған кабинеттер Елбасы қағидатын нақты мысалдар шеңберінде одан әрі тереңдете түсері хақ.

Темір Құсайын,
«Егемен Қазақстан»
АҚТӨБЕ

источник