Вторник, Июнь 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > «EF Education First» халықаралық компаниясының таныстырылымы өтті

«EF Education First» халықаралық компаниясының таныстырылымы өтті

Шараны халықаралық ынтымақтастық орталығы ұйымдастырды.

«EF Education First» компаниясы шет елдерде академиялық бағдарламалардан бастап әртүрлі тілдік оқыту жазғы лагерьлерге дейін кең ауқымды білім беру бағдарламаларын ұсынады. Бүгінгі таңда компанияның АҚШ, Англия, Еуропа және Азия елдерінде 500-ден астам мектеп пен кеңселері жұмыс жасауда. Білім беру желісінде 40 000-нан астам маман, мұғалім және көшбасшы жұмыс істейді.

Таныстырылымға барлық факультеттерден оқытушылар мен студенттер қатысты. Қатысушылар өздерін қызықтырған тақырыпта сұрақтар қойып, әлемнің түрлі бөліктеріндегі тиісті академиялық және лингвистикалық курстар туралы мәлімет алды. Сонымен қатар шетел оқыту бағдарламаларымен толық танысып, бакалавриат, магистратура және PhD докторантурасы үшін қосымша білім алу арқылы шетелде білімін жетілдіру туралы толық ақпаратқа ие болды.