Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Әлеуметтік психология» сабағын өзге жоғары оқу орнының оқытушысы жүргізуде

«Әлеуметтік психология» сабағын өзге жоғары оқу орнының оқытушысы жүргізуде

Ол Жұбанов университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келген. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Орынғали Ерниязовтың дәрісі 26 ақпан мен 7 наурыз аралығына жоспарланған. Дәріс сабақтары «Әлеуметтік  педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1-4  курс студенттеріне «Әлеуметтік психология» пәні бойынша жүргізілуде.

Әлеуметтік психология қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік құбылыстардың сырын түсінуге, олардан қорытынды шығарып, қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және тұтас қоғамды басқаруға бағытталады. Орынғали Ерниязов дәрісі барысында студенттер әлеуметтік психологияның негізгі бөлімдері әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемесі, тұлға психологиясы, ақпарат алмасу заңдылықтары және бірлескен қызмет үстіндегі адамдардың өзара әрекеттесуі, түрлі қауымдастықтарда қалыптасатын тұлғааралық өзара қатынастар жайында сабақ алатын болады.

Сонымен қатар О.Н.Ерниязов «Отбасымен педагогикалық-психологиялық жұмыс»  тақырыбында магистранттарға шеберлік сабағын өткізді.

Ол болашақ педагогтарға отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері туралы түсінік бере отырып, отбасымен бірлесіп жұмыс жасауға, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруге даярлау, тәрбиенің негіздері туралы ғылыми-теориялық білімнің жүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылады.