Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тарихшылар оқытудағы интерактивті әдістерді қолдану ерекшеліктерін жетілдірді

Тарихшылар оқытудағы интерактивті әдістерді қолдану ерекшеліктерін жетілдірді

Тарих факультетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы  жəне əлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы оқытушылары «Қоғамдық-гуманитарлық  пәндерді оқытудағы интерактивті əдістерді қолдану ерекшеліктері» тақырыбында факультетішілік əдістемелік-семинар өткізді. Семинарды тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлмира Купенова кіріспе сөзбен ашып, оқытуда интерактивті әдістерді қолдану оқытушы мен студент арасындағы байланысты нығайтып, студенттердің өз бетінше ізденулері үшін үлкен мүмкіндіктер беретіндігін атап өтті.

Семинар барысында философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Г.Д.Хусаинова философияда интерактивті әдістерді қолдану тәжірибесімен бөлісті. Гуманитарлық ғылымдар магистрі Б.А.Нұралина «Дінтану пәнін оқыту барысында интерактивті әдістерді қолдану» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, студенттердің пәнге қызығушылығын арттыру үшін бірнеше тәсілдерді мысалға келтіріп көрсетті. Аға оқытушы Б.С.Нурпеисова рөлдік ойындарды оқытудың интерактивтік әдісі ретінде қолдану туралы  ұсынысын ортаға салды. Сондай-ақ, гуманитарлық ғылымдар магистрі, оқытушы А.Ч.Ешниязова семинар сабақтарында интерактивті әдістерді қолданудың тиімділігі жайында баяндады.

Семинар жұмысы сәтті өтті. Жиналғандар интерактивті оқытудың әдістерін қолдануда тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттырды. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.