Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай білде талап қыл

Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай білде талап қыл

Осындай тақырыпта Жұбанов университетінің техникалық факультетінде болашақ талапкерлерге техникалық мамандықтардың ерекшелігі мен маңыздылығын түсіндіру мақсатында шеберлік классы өтті.

Шараға қаламыздағы №28,30,31,60,32,58, новый орта мектептерінің мектеп бітіруші оқушылары қатысты. Мектеп бітіруші түлектерге техникалық мамандықтар жайында ақпарат беріліп, аталған факультетте қандай мамандықтарды игеріп шығуға болатындығы жайында айтылды. Техникалық факультетінің профессор-оқытушылары мамандықтар жайыла презентация жасап, бейнефильмдер көрсетілді. Факультеттің белсенді студенттері ғылымдағы, оқудағы, қоғамдық өмірдегі жетістіктерімен бөлісіп, студенттік шақтарының ең қызықты кездері жайында әңгімеледі. Мектеп оқушылары көкейде жүрген сұрақтарын қойып, кездесуден өздеріне көптеген ақпарат алғандықтарын жеткізді.