Пятница, Март 29, 2024
Басты > Білім > Студенттер онлайн-конференцияға белсене қатысты

Студенттер онлайн-конференцияға белсене қатысты

Онлайн жүйесінде Еуразия ұлттық университеті «Қазақ тіл білімі» кафедрасы ұйымдастырған, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор М.С.Серғалиевтің 80 жылдығына арналған «Тіл мен әдебиет теориясы, стилистика, көркем мәтін» атты студенттердің III Халықаралық ғылыми-теориялық университеттің филология факультетінің студенттері белсене  қатысты.

Конференция жұмысының басты мақсаты — ғалым М.Серғалиевтің ғылыми-зерттеу еңбектерінде айтылған маңызды идеяларына  бағытталған.
«Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бағила Мұратбек  конференцияның негізгі бағыттары негізінде баяндама жасады.

Конференцияға қатысқан  14 студенттің баяндамасы ғылыми мақалалар жинағына енді.

Сондай-ақ конференция қорытындысы бойынша сәтті жазылған ғылыми мақалары үшін жекелеген жас зерттеушілер диплом, алғыс хаттармен марапатталды.