Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Студенттердің жағдайы жақсартылады

Студенттердің жағдайы жақсартылады

Елбасының бүгін жариялаған 5 әлеуметтік бастамасының үшіншісі студенттердің жағдайын жақсартуға бағытталды. Оның мәні — жоғары оқу орындарында грант санын арттырып, жатақханамен толық қамтамасыз ету. Жатақхана мәселесіне Ақтөбе облысында ерекше мән беріліп отыр. Оның бір мысалы ретінде Жұбанов университеті жанындағы Жастар үйін айтуға болады.

Жастар үйі былтыр желтоқсан айында пайдалануға берілген. Мұнда қазірде 500 студент тұрып жатыр. Солардың бірі — Арыстан Төлес. Ол — Жұбанов университетінде физика факультетінің 4-курсында оқиды. Маңғыстау өңірінің тумасы. Ол жатақханадағы студенттік өмірінің қызықты өтіп жатқандығын және мұнда білім алушыға барлық жағдайдың жасалғандығын айтты.

Бүгінгі күні бұл оқу ордасынданың 1500 студентке шақталған жатақхана бар. Гришин көшесінде тағы бір 500 орындық жатақхана салынып жатыр. Оқу жүйесіне де біршама өзгерістер мен жаңартулар енгізілген. Уиверситет дуалды оқыту әдісіне көшуге ыңғайланып жатыр. Яғни алдағы уақытта сабақтың жартысынан көбі оқу барысында практикадан тұратын болады дейді университет басшысы. Сонымен қатар, білім ошағында Елбасы айтқандай техникалық мамандықтарға баса назар аударып, гранттар санын арттыру да қолға алынған.

Айта кетсек, Ақтөбе облысында 49 мың студент бар. Колледждердің де, жоғары оқы орындарының да жатьақханамен қамту деңгейі 40 пайызды құрап отыр. Бұл аз. Сондықтан, биылдан бастап жатақханалар санын көбейту жоспарланып отыр.

Айерке Зинедина

источник