Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Құттықтаулар > Құрметті арулар!

Құрметті арулар!

Көктемнің ең жарқын мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.

Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан Сіздерге ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс, махаббат пен әсемдік тілеймін.

источник

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев