Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Жаратылыстану әлемі» ғылыми көрмесі өтті

«Жаратылыстану әлемі» ғылыми көрмесі өтті

Жаратылыстану факультетінде «Студенттік ғылыми кеңестің» ұйымдастыруымен «Жаратылыстану әлемі» ғылыми көрмесі өтті. Көрменің мақсаты — студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттыру, үздік жобаларды қолдау, жастарды конференциялар мен байқауларға қатысуға ынталандыру.

Көрме барысында студенттер ғылыми жобаларын ұсынып, зерттеу жұмыстарының бағыттары жөнінде баяндады. Көрмеге қатысқан студенттер жас ізденушілердің еңбектеріне қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, өзара ақпарат алмасты.