Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Химия» және «Биология» мамандықтары студенттері ағылшын тіліндегі деңгейлерін саралады

«Химия» және «Биология» мамандықтары студенттері ағылшын тіліндегі деңгейлерін саралады

Жұбанов университеті жаратылыстану факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Химия», «Биология» мамандықтары студенттеріне «Ағылшын тілі» пәнінен олимпиада өтті.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде студенттердің лексико-грамматикалық білімдері тест арқылы тексерілді. Екінші кезеңде студенттердің шығармашылық қабілеті анықталды. Олимпиадаға қатысушылар ағылшын тілінде көрініс қойып,  сөйлей білу деңгейлері сыналды.

 

Олимпиаданың мақсаты — ағылшын тілі пәнінің сапасын тереңдету және студенттердің тілге деген қызығушылығын арттыру. Олимпиада қорытындысы бойынша біліктіліктері тең түскен А.Едилова, А.Жуматаева, А.Амирбекова, Н.Сериковалар бірінші орынды иеленді. Екінші орынды А.Жанабергенова жеңіп алды. Ал үшінші орынға А.Омарова мен М.Бегимова лайық деп танылды.

Жеңімпаз студенттер дипломдармен марапатталды.