Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > 27 үміткер ақтық сынға өтті

27 үміткер ақтық сынға өтті

«Менің арманым». 9-11 наурыз күндері Ақтөбеде стартап жобалар байқауының іріктеу кезеңі өтті. Кәсібін бастауға талпынғандар көп. Үш күнге созылған конкурсқа 800-ден аса үміткер қатысуға тілек білдірген.

«Менің арманым» байқауы елімізде осымен үшінші жыл ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсат — жастардың бизнес бастамаларын қолдау. Жобалар жаңа технологияларды енгізуге негізделуі, қоғамдық маңызы болуы және әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталуы керек. Оған 16 мен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Ақтөбедегі іріктеу кезеңі студенттер сарайында өтті. Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев үміткерлерге сәттілік тіледі.

Мамандардың айтуынша, үміткерлер тек байқауға қатысып қана қоймайды. Тәжірибе де жинайды. Былтыр облыстан 150 жоба ұсынылған. Оған қатысқан кәсіпкер екінші орынды иеленіп, өз бизнесін ашты. Жалпы, ақтөбелік жұмыссыз жастарды кәсіпкерлікке тарту үшін биыл қомақты қаржы бөлініп отыр.

Үш күннің ішінде байқауға қатысуға 825 адам тапсырыс берген. Оның 210-ы оқуға жолданды. Ал, 27-сі республикалық ширек финалға өтті. Айтып өтейік, барлық облыстан іріктелген жобалардың авторлары Астанада жазғы лагерьде бизнес-жоспарын жетілдіреді. Ал, ең үздік жоба қазан айында белгілі болады. Оның иесіне 1,5 миллион теңге грант тағайындалады. Екінші орын алған жобаға 1 миллион теңге, үшінші орынға 500 мың теңге сыйақы бар.

Жұлдыз Алмасқызы

источник