Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Ақтөбеде VII Қысқы Универсиада жеңімпаздарын салтанатты түрде қарсы алды

Ақтөбеде VII Қысқы Универсиада жеңімпаздарын салтанатты түрде қарсы алды

Кеше түнде Ақтөбе теміржол вокзалынан спортшыларды кәсіби-шығармашылық факультетінің профессор-оқытушылары, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Төлеген Ботағариев, факультет деканының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Айболат Кангельдин, факультет студенттері және жеңімпаз студенттердің туыстары күтіп алды. «Университет ректоры Бауыржан Ердембеков спорттың дамуына көп көңіл бөліп келеді.  ҚР VII Қысқы универсиадада спортшыларымыздың пауэрлифтинг пен қазақша күрестен орын алып келулері осы сөзімізге дәлел. Біздің қоржынымызда екі алтын, бір күміс, екі қола медаль бар. Спортшыларымызға алдағы күнде де сәттілік тілейміз», — деп Төлеген Ботағариев өз ізгі тілегін жеткізді.

Пауэрлифтингтен «Алтын медаль» иегері Таисия Дьяченко «Аталған универсиадаға қатысуымызға қолдау танытқан университет басшылығы, оқытушыларымызға алғысым шексіз. Біздің университеттің спортшылары тағы да бір мәрте өздерінің ең мықты, ең үздік екендіктерін дәлелдей түсті», — деп қуанышымен бөлісті. Таисия Чехия қаласында ағымдағы жылдың күз айында өтетін Дүниежүзілік студенттер универсиадасында Қазақстан намысын қорғайтын болады.