Вторник, Октябрь 4, 2022
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбе облыстық сотында «Рухани жаңғыру-жарқын болашақтың негізі» атты дөңгелек үстел өтті

Ақтөбе облыстық сотында «Рухани жаңғыру-жарқын болашақтың негізі» атты дөңгелек үстел өтті

Шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, Ақтөбе облысының ішкі саясат, білім , мәдениет, архив пен құжаттама және тілдерді дамыту басқармасының басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеу үшін ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласында қазақ билерінің сотын ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауды тапсырған болатын. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалығымен өткен шараның хаттамалы шешімін орындау үшін Ақтөбе облыстық сотында «Рухани жаңғыру- жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, Ақтөбе облыстық ішкі саясат, білім , мәдениет, архив пен құжаттама және тілдерді дамыту басқармаларының басшылары сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері бас қосты. Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай бірлесе атқаратын басты міндеттерді атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында облыстық сот жанындағы музейдің қорын кеңейту мақсатында жергілікті мұражай, архивтермен өзара тығыз жұмыс жасау, жас судьялар мен сот қызметкерлерінің арасында жыл сайынғы тарихи-танымдық зияткерлік конкурсын, «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» республикалық конкурсын бірлесе ұйымдастыру қажеттілігі туралы сөз қозғалды. Дөңгелек үстелге қатысушылар өз құзіреті шамасында Меморандумда көрсетілгендей, өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу қажеттін атап өтті.

«Рухани жаңғыру-жарқын болашақтың негізі» атты дөңгелек үстелге қатысқандар облыстық сот жұмысымен танысып, шара соңында облыстық сот жанындағы мұражай, оқу орталығы, сот отырысының залдары, баспасөз орталығы, азаматтарды қабылдау бөлмесі мен баспасөз орталығын аралап көрді.

Өткен аптада Қазақ ССР Жоғарғы Сотының бұрынғы Төрағасы Әбидолла Үмбетжанұлы Биекеновтың есімімен Ақтөбе қаласы көшелерінің бірі аталды. Байғанин ауданынан алғаш шыққан І санатты судья, заң ғылымдарының кандидаты, сот төрайымы қызметтерін атқарған «Қазақстан Республикасының «Үздік судьясы» атағының иегері, алғаш «Үш би» құрмет белгісімен марапатталған, «Құрмет» орденінің иегері Қания Үсенқызы Хайруллинаның есімі Байғанин ауданы көшелерінің біріне берілді.

http://aktobetv.kz/