Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жас зерттеуші-студенттер Қобда өңірінің тарихы мен туризм саласын дамытуды талқылады

Жас зерттеуші-студенттер Қобда өңірінің тарихы мен туризм саласын дамытуды талқылады

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында тарих факультетінде «География және туризм» кафедрасының ұйымдастыруымен Қобда өңірінің тарихын насихаттау, тұлғалар есімін ұлықтау мақсатында «Қобда — құтты мекенім» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қобда ауданынан келіп оқып жатқан студенттер, факультеттің профессор-оқытушылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында «География және туризм» кафедрасының меңгерушісі, Г.Т.Кубесова Қобда өңірінің тарихына қысқаша шолу жасап, Әлия Молдағұловадай батыр қыз дүниеге келген киелі топырақтағы көне жәдігерлерімізді рухани жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті. Шарада тарих факультетінің студенттері баяндама жасады.  «География» мамандығының 2-курс студенті Алия Куштеева «Тарихи тұлға Қобыланды батыр» тақырыбында баяндама жасап, қызықты мәліметтермен бөлісті. Ал аталған мамандықтың 3-курс студенттері Сания Куантаева «Қобда өңіріндегі ескерткіш – Абат-Байтақ кесенесі», Назым Бақытова «Қаһарман қыз Әлия» тақырыбындағы зерттеу еңбектерін көпшілік назарына ұсынды.

Өңірде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында киелі орындар тізбесіне енгізілген ауданның тарихи орындарына келуші туристік ағын жылдан жылға ұлғаюда. «Туризм» мамандығының студенттері дөңгелек үстел кезінде өңірдің туристік саласын дамыту жолында, ауданды көркейту үшін өз үлестерін қосуға әркез дайын екендіктерін жеткізді.