Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Экономика және құқық факультеті «Көрісу күнін» атап өтті

Экономика және құқық факультеті «Көрісу күнін» атап өтті

«Көрісу күні» бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын, бүгінде еліміздің батыс өңірінде сақталып қалған дәстүр. Наурыздың 14-і «Көрісу күні» деп аталады. Ал халық арасында Наурыз мейрамын қарсы алу осы күннен басталады деген түсінік бар.

Ерте замандарда бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем беріп, көрші-қолаң бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады екен. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады деп те есептелген.

Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін, бір-бірімен қауышатын мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін күн. Өйткені Көрісу салты бір күнмен шектеліп қалмайды, наурыз бойы жалғаса береді.

Жұбанов университетінде экономика және құқық факультетінде «Экономика және менеджмент» кафедрасының профессор-оқытушыларының ұйымдастыруымен қазақтың салт дәстірін насихаттау мақсатында «Көрісу күнін» атап өтті. Студенттер арасында гір көтеруден жарысып, арқан тарту, күш сынасу секілді қазақтың ұлттық ойындары ойналды.