Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Болгар университеттерімен ынтымақтастық нығая түсті

Болгар университеттерімен ынтымақтастық нығая түсті

Ағымдағы жылдың наурыз айының басында Жұбанов университеті Болгариялық Варна Менеджмент университеті, Чернорізцы Храбра атындағы Варна еркін университетімен және «Болгария-Қазақстан» білім беру форумымен келісімдерге қол қойды. Жоғарыда аталған серіктес университеттермен ынтымақтастықтың басым бағыттары қосдипломдық білім беру бағдарламаларын, академиялық ұтқырлықты және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру болып табылады.

Чернорізцы Храбра атындағы Варна университеті Болгарияның ірі университеттерінің бірі. Университетте шетел студенттері мемлекет үшін басым бағыттар бойынша білім алады.

Варна Менеджмент университеті — Болгарияда орналасқан халықаралық деңгейдегі бизнес мектебі. 40-тан астам елдің студенттері бизнес және маркетинг, ақпараттық және компьютерлік технологиялар, туризм, қонақ үй және аспаздық өнер саласында білімдерін дамытады.

«Болгария-Қазақстан» білім беру форумы келесі еуропалық университеттердің мүддесін ұсынады: Ковентри университеті, Лестер университеті (Ұлыбритания), Еуропалық университет (Швейцария, Испания, Германия), Варна еркін университеті, Чоррас атындағы университет, Варна университеті, Бургас еркін университеті, Әскери-теңіз мектебі, Варна менеджмент университеті, Санкт-Джордж халықаралық мектебі (Болгария). «Болгария-Қазақстан» білім беру форумымен ынтымақтастық, бірлескен ұлттық және халықаралық жобаларды, студенттер мен оқытушыларға арналған академиялық тағылымдамадан, академиялық ұтқырлық бағдарламасынан, Эразмус + білім беру жобаларын, қосдипломдық білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнында қашықтықтан оқытуды және жоғарыда аталған университеттермен ынтымақтастықтың басқа бағыттарын қамтиды.