Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Халықаралық шет тілдер олимпиадасына студенттер тұңғыш рет қатысты

Халықаралық шет тілдер олимпиадасына студенттер тұңғыш рет қатысты

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде халықаралық қатынастар факультетінде 1-ші және 2-ші курс тілдік емес мамандықтардың студенттері арасында өткізілген шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) халықаралық олимпиадаға Жұбанов университетінің 1-курс студенттері де  қатысты.  Осы деңгейдегі олимпиадаға қатысу университеттің тарихында тұңғыш рет орын алды. Студенттерге «Орыс филологиясы және мәдениетаралық қарым-қатынас» кафедрасының аға оқытушысы Аэлита Сагиева ғылыми жетекшілік етті.

Бұл жобаның маңыздылығы — Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстанның жоғары оқу орындарының бірі және еліміздің барлық түкпірінен келген талантты жастарға арналған бастапқы алаң болып саналды.

Олимпиаданың мақсаты — шет тілдерін үйренуге деген ынтаны нығайту және сөйлеу әрекетін жүзеге асыру қажеттілігі мен қабілетін дамыту.

Астана, Алматы, Павлодар, Ош, Қарағанды, Көкшетау, Харьков, Ақтөбе қалаларының жоғары оқу орындарынан 200-ден астам үздік студенттері шет тілін меңгеру деңгейін көрсету үшін жиналды.

Шараның салтанатты ашылуында Л.Н.Гумилев атындағы  ЕҰУ-дің Халықаралық қатынастар және инновациялар жөніндегі проректоры Баубек Сомжүрек екі дипломдық білім берудің, академиялық ұтқырлық пен ғылыми ынтымақтастықтың келешегі мен мүмкіндіктері туралы студенттерге айтып өтті.

Олимпиадаға Қазақстандағы АҚШ елшілігінің мәдениет және білім жөніндегі елшісі Меган Тетрик, неміс мектептерінің орталық офисінің әдіскері Берна Буду және Француз Альянсының әдіскері Христель Карфантан әділқазылық етті.

Олимпиадаға қатысқан кәсіби-шығармашылық факультетінің 1-курс студенттері Бексұлтан Әбдрашитов, Куляш Тынгина және Жайна Төлегенқызына арнайы сертификат табыс етілді.