Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің ғалымы қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіру тақырыбы бойынша 6655 әскери бөлімінде талқылады

Жұбанов университетінің ғалымы қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіру тақырыбы бойынша 6655 әскери бөлімінде талқылады

Әскери бөлімге келген «Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрбол Садуақас офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен мерзімдік қызметтің әскери қызметшілерімен кездесті. Ондағы мақсат —  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде  қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіру тақырыбы бойынша әскери бөлімге нақты ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Кездесу барысында әскери қызметшілерді әліпбидің қандай нұсқасы тиімді, латын қарпіне көшкен кезде арнайы оқыту, үйрету курстары болады ма деген сауалдар қызықтырды. Филолог-ғалым Нұрбол Садуақас латын әліпбиінің соңғы нұсқасы халық тарапынан қолдау тауып жатқандығын, үйрету жұмыстарын арнайы құзіретті орындар қолға алатындығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, университет ғалымы басқа да әскерилердің көкейде жүрген сұрақтарына толыққанды жауап берді.