Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бүгін Ақтөбелік ғалымдар ауылшаруашылық өндірісінің өзекті мәселелерін талқылады

Бүгін Ақтөбелік ғалымдар ауылшаруашылық өндірісінің өзекті мәселелерін талқылады

Бүгін экономика және құқық факультетінің «Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазіргі таңдағы аграрлық өндірістің дамуындағы өзекті мәселелер» атты ғылыми семинар өтті. Аталмыш ғылыми семинарға Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылық басқармасы, Ветинариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының өкілдері мен қаламыздағы жоғарғы оқу орнының профессор ғалымдары, жас зерттеушілері қатысты.

Ғылыми семинарды өткізудегі негізгі мақсат – Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіптік кешеннің қалыптасып, дамуына зерттеу жүргізе отырып,  2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу жолдарын қарастыру болып табылады.

Семинарда Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Абтиев, қалалық ауыл шаруашылық бөлімінің орынбасары Мир Мамутов, Қазақ орыс халықаралық университетінің доценті Убайдулла Мамбетов, Ақтөбе облыстық аумақтық Ветинариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы тамақ өнімдері және орын ауыстыратын объектілер қауіпсіздігін бөлімінің басшысы Убайдулла Ауелбаев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының маманы Серік Досмухамбетов ауыл шаруашылығының іс жүзінде қызмет жасап дамуына себепкер болып жүрген тәжірибелі мамандар мен теориялық жағынан зерттеп оның алға басуына ықпал етіп жүрген ғалымдар э.ғ.д., профессор Халел Кусайнов, з.ғ.к., доцент Асыл Смагулова, доцент Убайдулла Мамбетов, э.ғ.к., доцент Майра Қайырғалиевалар ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерді ортақ талқыға салып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар агроөнеркәсіп кешенінің екінші сферасын жүзеге асыратын, бірнеше уақтыттан бері тәжірибе жүзінде іске асырушы фермерлер кездескен кедергілер мен мемлекет тарапынан берілген көмектер жайында сөз етті.

Ғылыми семинарда елімізде орын алған ауылшаруышылығы саласындағы көкейкесті өзекті мәселелер ғалым-оқытушылар мен арнайы шақыртылған осы салада нақты тәжірибе жүзінде іске асуына себепкер мамандар және жас зерттеуші магистранттардың қатысуымен қызу талқыға түсті. Сонымен қатар экономика және құқық факультетінің ғалым оқытушылары, магистранттары толық қатысып,  агроөнеркәсіп кешенінде пайда болған мәселелер төңірегінде баяндамалар жасады.

«Бұл семинар біздің университетімізде екінші рет өткізіліп отыр. Семинардың ерекшелігі аталған шарада тек теориялық мамандар емес,көптеген уақыттан бері агроөнеркәсіп кешенінде екінші сфераны жүзеге асырып жүрген фермерлер қатысады. Олар ауылшаруашылық саласындағы өзекті мәселелер жайында мазмұнды баяндамалар жасады. Болашақта бұл семинарды өңір көлемінде өткізуді жоспарлап отырмыз», — деді экономика ғылымдарының кандидаты Б.А.Жакупова.

Профессор Халел Кусайнов ҚР экономикасының дамуына ғылыми тұрғыдан профессор-оқытушылар тарапынан қосатын үлестің зор екендігін атап өтіп, болашақта осындай ғылыми семинарлар, конференцияларды ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті.

Мәртөк ауданы Құрмансай ауылының әкімі Б.Б.Амантурлиев пен Алға ауданы Ұшқұдық ауылының әкімі Б.А.Акдәулетов қатысушылар назарына «Ақтөбе облысының бренді — тары» тақырыбындағы баяндамаларын ұсынды. Олар Ақтөбе облысы тары атасы – Шығанақ Берсиевпен аты әйгілі екендігін айта келіп, тары дәнінің пайдасы көптігін, бұл саланы дамыту жолдарын айтып өтті.

Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.