Четверг, Июнь 13, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бүгін Жұбанов университетінің ең сұлу аруы анықталды

Бүгін Жұбанов университетінің ең сұлу аруы анықталды

Бүгін Жұбанов университетінде «Университет аруы – 2018» байқауы өтті.

Байқау 5 кезеңнен тұрды. «Таң қалдырар би ырғағы» деп аталатын сайыстың бірінші кезеңінде арулар топтасып би биледі. Екінші кезеңде «Жарасқан әсем басқа, бөрік кәмшәт. Және де тұла бойға бүрме бұрым» деп ақын жырлағандай арулардың ұлттық нақыштағы киім үлгілері бағаланды. Үшінші кезеңде арулардың өздерін таныстыра білу шеберліктері сыналды. Бұл кезеңде қатысушылардың көркемдігі, сырт сымбаты, сөйлеу мәдениетіне аса мән берілді. Төртінші кезең — «Қыз-еркем, өнерімен көркем» деп аталды. Мұнда қыздар өз тұла бойындағы ерекше қабілеттерін, яғни өз өнерін көрсетті. Ал соңғы кезеңде «Кешкі сән үлгісі» сараланды.

Аруларға әділ бағасын университеттің Ақтөбе облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова, қаржы шаруашылық департаментінің директоры Тимур Екибасов, «Сан бел Актобе» сән агенттігі мен «Foх» вокал студиясының директоры Гүлжайна Бимурза, «Университет аруы-2017» байқауының жеңімпазы Жұлдыз Тобагулова, «2/8» фотостудиясының жетекшісі Нұртас Сәрсенбай, «Мисс Ақтөбе-2016» сұлулық байқауының «Екінші вице мисс  Ақтөбе-2016» атағының иегері және Халықаралық «Мисс Каспий-2016» сұлулық байқауының жеңімпазы Гүлнұр Амандос, «ProPhoto» фотостудиясының жетекшісі Байболат Мейіржан, «Для вас» гүлдер салонының директоры – Алия Узакбаева, «Aya» көйлектер әлемінің жетекшісі Аяжан Сәрсенбаевалар берді.

Байқауға барлығы 12 ару қатысты. Атап өтер болсақ, филология факультетінің 1-курс студенті Балауса Акимова, жаратылыстану факультетінің 1- курс студенттері Айгерім Алшымбаева, Шырайлым Жеңіс, Альбина Абдіразақ, экономика және құқық факультетінің 1-курс студенттері Аружан Бисенбина, Айгерім Иманиязова, жаратылыстану факультетінің 2-курс студенті Назерке Есениязова, физика-математика факультетінің 1-курс студенті Лаура Бекұланқызы, кәсіби-шығармашылық факультетінің 1-курс студенттері Аружан Әшір,  Асемгуль Кулмагамбетова, педогогика факультетінің 1-курс студенті Аруаққу Абитова, шетел тілдер факультетінің 1-курс студенті Назерке Өтеген.

Байқау барысында университетіміздің 2013 жылғы түлегі Нұрсұлтан Мақсұтұлы, кәсіби-шығармашылық факультетінің студенті Ақбота Тәжімағамбетова әсем ән орындап, «Free Step», «Eclipse», «Big Fam» би топтары, университеттің КВН командасы ерекше өнер көрсетті.

 

Байқау қорытындысы бойынша «Университет аруы-2018» Асемгуль Кулмагамбетова  атанды. Бірінші дәрежелі ару Айгерім Алшымбаева, екінші дәрежелі ару Лаура Бекұланқызына берілді. Барлық қатысушы аруларға бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді.