Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Польша Республикасы университеттерінде Жұбанов университеті студенттері білімдерін толықтыруда

Польша Республикасы университеттерінде Жұбанов университеті студенттері білімдерін толықтыруда

Гданск университеті Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің стратегиялық серіктесі болып табылады. Жыл сайын студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы аталған университетте бір семестр білімдерін толықтырып келеді. 2017-2018 оқу жылының күзгі семестрінде «Физика» мамандығының студенттері Аделя Кенжебаева мен Абылай Бисекенов Гданск университетінде оқып келді. Ал екінші жарты жылдыққа «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығының студенті Сая Дәулетбаева мен «Информатика» мамандығының студенті Өркен Сұлтамұрат аталмыш университетке оқуға жіберілді.

Сондай-ақ, Жұбанов университеті Польшаның тек Гданск университетімен ғана емес, Быдгощ қаласындағы Экономика университетімен де тығыз ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқан. Екінші жартыжылдықта «Дене шынықтыру және спорт», «Туризм», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Педагогика және психология», «Шетел филологиясы» мамандықтары бойынша 8 студент Быдгощ қаласына оқуға кетті. Атап өтер болсақ, Гульмира Қараманова, Айдана Тағанова, Карина Яременко, Аяжан Молдабаева, Асем Альбекова, Алия Жалгасова, Максим Бурлачко, Азамат Кайжаровтар бір семестр оқуларын шетелде жалғастыратын болады.