Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің заңгер-студенттері Ресей Федерациясынан кезекті жүлдемен оралды

Жұбанов университетінің заңгер-студенттері Ресей Федерациясынан кезекті жүлдемен оралды

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Орынбор мемлекеттік университеті мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастық келісімге орай наурыз айының 14 мен 16-сында Орынбор мемлекеттік университеті базасында жас ғалымдар мен аспиранттар, студенттердің Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция барысында бірнеше шаралар ұйымдастырылды. «Заманауи медицина мен биомедицинаның дамуындағы конституциялық-құқықтық тенденциялардың құндылығы» тақырыбында дөңгелек үстел, қылмыстық-іс жүргізу құқығы бойынша турнир, «Болашақ заңгерлерді еріктілер тобына тарту» әлеуметтік-құқықтық жоба тақырыбындағы халықаралық байқау, «Соттық дебат» интеллектуальды ойыны, тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша квест, «Отбасылық-құқықтық құндылықтар және институттар: европалық және евроазиялық салыстырмалы талдау» тақырыбында дөңгелек үстел,  «Ресей Федерациясының қылмыстық кодексі: даму перспективасы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шараларға Жұбанов университетінің студенттері  қатысты.

Студенттердің ғылыми жетекшілері — «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты А.К.Нурлин және «Құқықтану» кафедрасының доценті Т.Г.Алимпиева. Университет студенттері Аяжан Болатова, Нурдаулет Мухаметжанов, Эльвира Рзагазиева, Жанагуль Мирханова әлеуметтік-құқықтық жобаға арналған жеті байқау барысында екі номинация бойынша «Қазақстан Республикасының еріктілер қозғалысы ұлттық құндылық ретінде» үздік жобасы (ғылыми жетекшісі доцент Т.Г.Алимпиева, заң ғылымдарының кандидаты А.К.Нурлин) үшін  және «Жастар корпусын дамыту» үздік еріктілер жобасы үшін (жетекшісі доцент Е.И.Исибаева, магистр Н.Е.Исибаева) бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

А.К.Нурлин және Т.Г.Алимпиева конференция жұмысына атсалысып, әділқазылар мүшесі ретінде қатысқандары үшін сертификатпен  және алғыс хатпен марапатталды.